«Бастау»

   «Бастау» студенттер театрының дәстүрлі «Сахна сазы» фестивалі 02.04.2018- 09.04.2018 ж. аралығында өткізілді. «Бастау» студенттер театрының 10 жылдығы қарсаңында өткен дәстүрлі «Сахна сазы» фестиваліндеА. Назымованың «Алқа» пьесасын сахналаған АЯ-17/1 тобы «Ең үздік қойылым» номинациясы бойынша марапатталды.

  Д. Исабековтың «Аққу Жібек» пьесасын сахналаған ПО-17/3 тобы«Үздік декорация» номинациясы бойынша , «Томирис» пьесасын сахналаған ПО-17/2 тобы «Үздік костюмдер» номинациясы бойынша марапатталды. Ш.Мұртазаның «Сталинге хат» пьесасын сахналаған ПО-17/1 тобы «Ең үздік ұжымдық жұмыс» номинациясы бойынша ,«Алқа» пьесасын ұсынған АЯ-17/1 тобы студенті Назымова Арай «Жас драматург» номинациясы бойынша , «Томирис» пьесасын сахналаған ПО-17/2 тобы студенті Сомкина Екатерина «Үздік режиссер» номинациясы бойынша , Ш. Мұртазаның «Сталинге хат» пьесасында Мүсіреповтың ролін сомдаған ПО-17/1 тобы студенті Жұмажан Дияс «Үздік бас кейіпкер» номинациясы бойынша, «Сталинге хат» пьесасында Голощекиннің ролін сомдаған ПО-17/1 тобы студенті Елубаев Ислам «Жағымсыз бас кейіпкер ролі» номинациясы бойынша, «Сталинге хат» пьесасында Балымның ролін сомдаған ПО-17/1 тобы студенті Бердиева Көркем «Күрескер бейнесі» номинациясы бойынша, «Алқа» пьесасында Айсұлу ролін сомдаған АЯ-17/1 тобы студенті Назымова Арай «Үздік басты роль» номинациясымен,эпизодтық ролі үшін АЯ-17/1 тобы студенті Серикова Гүлмаржан «Жағымсыз эпизодтық роль» номинациясы бойынша , Ана ролі үшін АЯ-17/1 тобы студенті Азат Аяжан «Екінші пландағы үздік роль» номинациясымен, Д.Исабековтың «Аққу Жібек» пьесасындағы Бекежан ролін сомдаған ПО-17/3 тобы студенті Салимов Руслан «Бас кейіпкер» номинациясы бойынша , Д.Исабековтың «Аққу Жібек» пьесасындағы Әже ролін сомдаған ПО-17/3 тобы студенті Кеңесова Алина «Ана бейнесі» номинациясымен, «Томирис» пьесасындағы Рүстем батыр ролін сомдаған ПО-17/3 тобы студенті Нурмаганбетова Кадрия «Батыр бейнесі» номинациясы бойынша, «Томирис» пьесасындағы Сыпатай ролін сомдағаны үшін ПО-17/3 тобы студенті Рамазанов Тамерлан «Эпизодтық роль» номинациясы бойынша марапатталды.

                                                                                                         «Бастау» студенттер театрының

жетекшісі                                                                      Г. Б. Сариева

 

IMG 4878-12-04-18-03-55IMG 4884-12-04-18-03-55IMG 4888-12-04-18-03-55IMG 4890-12-04-18-03-55IMG 4897-12-04-18-03-55IMG 4900-12-04-18-03-55IMG 4901-12-04-18-03-55IMG 4903-12-04-18-03-55IMG 4906-12-04-18-03-55IMG 4916-12-04-18-03-55