Колледж түлектеріне диплом тапсырылды

 

Колледж түлектеріне диплом тапсырылды

Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінің акт залында 2018ж. бітіруші студенттерге диплом табыстау салтанатты кеші өтті. Мерекелік жиынды колледж директоры Надырмагамбетова Масура Алтыбаевна құттықтау сөзімен ашты. Колледждің атқарушы директоры Дуйсембаев Баймуханбет Мадиевич дипломдарды табыстады. Биыл «Аударма ісі» мамандығы бойынша колледжімізді 53 түлек бітірді. Соның ішінде 10 студент қызыл диплом иегері болды. Колледж студенттері бітіру кешіне орай концерттік бағдарлама дайындады. Бітірушілерді 1 курс оқушылары, ата-аналар құттықтап, ақ жол тіледі. Салтанат түлектердің әнімен аяқталды.

IMG-20180629-WA0003IMG-20180629-WA0004IMG-20180629-WA0006IMG-20180629-WA0007IMG-20180629-WA0008IMG-20180629-WA0010IMG-20180629-WA0012IMG-20180629-WA0013IMG-20180629-WA0014IMG-20180629-WA0015