ХІХ-ХХғғ. Маңғыстаудағы оқу-ағарту ордалары

Маңғыстау мемлекеттік тарихи- мәдени қорығында ағымдағы жылдың 29 қараша күні «ХІХ-ХХғғ. Маңғыстаудағы оқу-ағарту ордалары» атты ғылыми –танымдық кеш өтті. Аталған кешке Шетел тілдер колледжінің студенттері барып тақырыпқа сай көптеген мағлұматтар алды. Кештің мақсаты: ХІХ-ХХ ғғ. Маңғыстаудағы оқу-ағартудың ерекшелігін тану, оқу жүйесін түсіну, өскелең ұрпаққа   тарихын насихаттау. Кешке өлкетанушы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР оқу ағарту ісінің озық қызметкері, облыстық тарихи- өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі- Отыншы Көшбайұлы, өлкетанушы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы- Еділхан Алқажан Меделұлы, сонымен бірге өлкетанушы, « Серікбол Қондыбайұлы мұраларын» зерттеуші, педагог – Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы қатысып, студенттерге «ХІХ-ХХғғ. Маңғыстаудағы оқу-ағарту ордалары» туралы көптеген ақпараттар берді.

IMG 0487IMG 0488