Қош келдің, Әз Наурыз!

          

           Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінде 20.03.2019ж. байырғы заманнан келе жатқан Наурыз мейрамына арналған  «Қош келдің, Әз Наурыз! » атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шараға барлық студенттер қатысты. Мақсаты-студенттердің бойында қазақы дәстүрлерді дәріптей отырып, ұлттық сана, Отанға және туған жерге деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру.

 

Қазақ халқының және өзге ұлттардың ұлттық тағамдарына арналған шағын көрме ұйымдастырылды. Қазақтың «Бесікке салу» , «Тұсау кесу» және т.б. салт-дәстүрлері көрсетілді.

 

Аталған шараны өткізуге белсене қатысқан колледж студенттері марапатталды.

IMG-2084IMG-2088IMG-2092IMG-2096IMG-2098IMG-2099