Танымдық белсенділікті арттыру - оқу үдерісінің басты мақсаты

 

         Танымдық белсенділікті арттыру - оқу үдерісінің басты мақсаты


FILE0099 thumb26.03.2014ж. Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінде «Танымдық іс- әрекетті практикалық сабақтарда белсенділендіру жолдары» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өтті. Қазіргі заманның оқушысы дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, белсенді өмірлік ұстанымы бар азамат болып қалыптасуға ұмтылуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үдерісіне жаңа құралдар мен әдіс-тәсілдерді енгізуді қажет ететіні мәлім. Сол себепті семинардың мақсаты практикалық сабақтарда ұтымды әдістерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық іс әрекетін дамыту жағынан колледж оқытушыларына әдістемелік көмек жасау болды.
Семинарға облыстық ТжКББ оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Ж.О.Сармурзина, әдіскерлер және облыс колледждерінің пән оқытушылары қатысты.
FILE0103 thumbFILE0109 thumbСеминар теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде колледждің жоғары санатты ағылшын тілінің оқытушылары Т.Б.Дәулетнияз бен М.С.Садыкова өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Ағылшын тілінің дыбыстарын үйрету тәсілі» және «ШТАЖМ пәнінен емтихан өткізу» тақырыптарында баяндамалар жасады. Т.Б.Дәулетнияз ағылшын тілін меңгеруде фонетикалық дағдыны қалыптастырудың маңыздылығын айтып , оқылуы мен жазылуында едәуір айырмашылығы бар тілді оқушыға меңгертудің қиыншылықтарына жеке тоқталды. Оқушыға дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету үшін алғашқы сабақтардан бастап ағылшын алфавитінің құпиясын, транскрипцияның тіл үйренудегі және қолданудағы маңызын ажырата түсіндіру керектігін айтты. Сонымен қатар тәжірибелі ұстаз біздің колледж студенттері өздерінің дұрыс сөйлеуімен ерекшеленетінін мақтан етіп, бұл бағытта жүйелі және тыңғылықты жұмыс жүріп жатқандығын мәлімдеді. М.С.Садыкова баяндамасында оқушының ағылшын тілінен білім деңгейін аңықтау үшін, емтиханға дайындық барысында оқушының белсенділігін, өздік жұмысын арттыру қажеттілігін айтты. Осы бағытта ШТАЖМ пәнінен емтиханда оқушылар үш бөлімнен тұратын тапсырманы орындау барысында диалог айтып, аударып, тақырып бойынша әңгіме құрастырып сипаттауымен қатар, өз көзқарасын түсіндіріп қортындылауы қажет. М.С.Садыкова оқушы емтиханда ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу, ойлау дағдыларын, өз пікірін айту, қорытынды жасау қабілеттерін шыңдайтынын баяндады.
FILE0116 thumbТәжірибелік бөлімде ашық сабақтар өткізілді. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Э.Х.Маметова «Аударма ісі» мамандығының 1 курс оқушыларына «Holidays traditions and customs in Kazakhstan and United Kingdom» тақырыбында сабақ өткізді. Шетел тілін оқытуды жақсарту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында оқытушы ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор екенін іс жүзінде көрсете білді. Баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға, ой өрісін кеңейтіп, сөйлеу тілінің дамуына ықпал етуге бағытталған сабақ, оқушыларға тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік берді және керекті сөз біріктемелерін таңдауға жаттықтырды. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым- қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен мұғалім, өз сабағында жаттығулардың бір түрі ретінде рөлдік ойынды қолданды. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады. Оқушылар ағылшын тілінде Қазақстан мен Ұлыбританияның мерекелері, салт дәстүрлері жөнінде әңгімелеп сайысқа түсті. Оқытушы рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе білді. Семинарға қатысушылар сабақ өте жақсы өтті деп бағалады.
Қоғамдық пәндер оқытушысы Р.Ғ.Ережепова Қазақстан тарихы пәнінен «Кіші жүздің Ресейге бодандығы. Әбілхайыр ханның саясаты» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбын ашу барысында оқытушы оқушылардың шығармашылық ынтасын арттыруға, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, командада жұмыс жасауына үлкен көңіл бөлді. Оқушылар екі командаға бөлініп, үй жұмысы мен жаңа тақырып бойынша викториналық сұрақтарға жауап беруге белсене кірісті. Оқытушы баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайтындығын ескере отырып, «Бәйге», «Кім туралы айтылған?», «Уақыт шеңберін қалпына келтір» атты түрлі ойындарды сабақта қолданды. Р.Ғ.Ережепова интерактивтік, аудиториялық тақталарды ұтымды қолдана отырып, тақырыпты дүниежүзілік тарихпен, қазақ әдебиетімен, өлкетанумен тығыз байланыстыра алды. Ойын, бір қарағанда, қарапайым құбылыс, не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет болғандықтан, сабақ өзінің басты тәрбиелік мақсатына жетті. Семинарға қатысушылар сабақтың өтуі жөнінде өз пікірлерін айтып, ұсыныстар жасап, жақсы өтті деп бағалады.
FILE0120 thumbFILE0121 thumbКолледжде студент жастарынан маман даярлауда,ең алдымен, адам тәрбиелеп, олардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына үлкен мән беріліп келеді. Осы бағытта бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің тәжірбиелі оқытушысы Г.Б.Сариева көптеген жұмыстар атқаруда. Оқушылардың қазақ әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін бекіту және қосымша материалдармен толықтыру бағытында Г.Б.Сариева оқушыларға сыныптан тыс оқуға қазақ жазушылары мен драматургтарының шығармаларын береді. Оқушыларының бойында ұлттық рух қалыптастыру, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларымен таныстыру және сахна мәдениетіне үйрету мақсатында Г.Б.Сариева колледжде 2007 жылдан бері драмалық үйірме жұмысын басқарып келеді. Соңғы алты жыл ішінде колледжде наурыз айында «Сахна сазы» атты драмалық шығармалар фестивалі өткізіліп, үйірме мүшелерінің күшімен сахналанған пьесалардың көрермендер назарына ұсынылуы дәстүрге айналды. Г.Б.Сариеваның ұйымдастыруымен семинарда екінші курс орыс тобының оқушылары сыныптан тыс ашық сабақта М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» шығармасы бойынша сахналық қойылымды көрсетті. Пьесалар негізінде қойылым дайындау күнделікті тіл үйрету сабақтарында көп қолданылып жүрген ролдік ойындардан гөрі анағұрлым күрделілеу мәселе екені даусыз. Өйткені бір драмалық шығарманы сахналау кейіпкерлер сұхбаты мен монологтарды жаттау, образдарды сомдау, декорациялық материалдарды сұрыптау мен жасақтау, сахнаға лайықтау секілді бірнеше іс әрекеттер кезеңінен құралады. Бұл жұмыс барысында студенттер топта жұмыс істей білу дағдысын шыңдайды. Қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдері драмалық шығарманы қазақ тілінде ойнау арқылы өз тілдік қорын жаңа сөздермен толықтырады, ауызекі тілді дамытуға үлкен мүмкіндік алады – бұл олардың мемлекеттік тілді үйренуге деген үлкен қызығушылығын тудырады. Семинарға қатысушылар көріністі тамашалап, Г.Б.Сариеваның жұмысын жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Ж.О.Сармурзина семинардың ұйымдастырылу деңгейін жақсы деп бағалап, колледж ұжымының қажырлы қызметінің арқасында колледж оқушыларының үш тілді жетік меңгеріп жатқандығын атап өтті. Семинардың қорытындысы бойынша жоғары санатты оқытушы М.С.Садыкованың іс-тәжірибесін колледждер арасында тарату жөнінде ұсыныс жасалды. Оқу үдерісінде сапалы білім берудің әртүрлі әдістері мен түрлерін зерделеу және шығармашылық тұрғыдан игерту мақсатына жету жолдары семинарда жан- жақты қаралып, іс-жүзінде де көрсетілді, яғни әдістемелік семинардың жұмысы табысты өтті. 

Производится набор абитуриентов

Ақтау қаласындағы шетел тілдірі колледжі 

Төмендегі мамандықтар бойынша талапкерлерді қабылдайды:

-0512000 "Аударма ісі" 9-сынып базасында-2 жыл 10 ай күндізгі оқыту (қазақ, орыс бөлімдері)

11-сынып базасында-1 жыл 10 ай күдізгі және кешкі оқыту

-0511000 "Туризм" (ағылшын тілі тереңдете оқытылады) 9-сынып базасында-3 жыл 6 ай күндізгі оқыту (қазақ, орыс бөлімдері)

11-сынып базасында-2 жыл 6 ай күндізғі және сырттай оқыту

-0507000 "Қонақ үй шауаршылығынды қызмет көрсетүді ұйымдастыру" (ағылшын тілі тереңдете оқытылады) 9-сынып базасында-3 жыл 6 ай күндізгі оқыту (қазақ, орыс бөлімдері)

11-сынып базасында-2 жыл 6 ай күндізғі және сырттай оқыту

Біздің м/ж: АҚТАУ Қ., 3-ш/а, 90 үй. тел.:508-684

 

Колледж иностранных языков в г.Актау

объявляет набор абитуриентов по специальностям:

-0512000 "Переводческое дело" на базе 9 классов-2 года 10 месяцев-дневное обучение

на базе 11 классов-1 год 10 месяцев-дневное и вечернее обучение

-0511000 "Туризм" (с углубленным изучением английского языка) на базе 9 классов-3 года 6 месяцев-дневное обучение(каз., рус.отд.)

на базе 11 классов-2года 6 месяцев-дневное и заочное обучение

-0507000 "Организация и обслуживание гостиничных хозяйств" (с углубленным изучением английского языка)

на базе 9 классов-3 года 6 месяцев- дневное обучение

на базе 11 классов-2 года 6 месяцев-дневное и заочное отделение.

При колледже работают подготовительные курсы для поступающих и всех желающих. А также принимаются граждане,  имеющие высшее и средне-профессиональное образование- по сокращенной программе обучения по вышеперечисленным специальностям (дневное и вечернее отделение)

наш адрес: г.Актау, 3 мкр, здание 90., тел : 50-86-84

 

 

 

Колледж получил новую лицензию/Колледж жаңа лицензия алды

Колледж получил новую лицензию, на право ведения образовательной деятельности по специальностям

0507000-"Организация обслуживания гостиничных хозяйств"

0511000-"Туризм"

0512000-"Переводческое дело"

Колледж төмендегі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуге рұхсат беретін жаңа лицензия алды:

0507000-"Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру"

0511000-"Туризм"

0512000-"Аударма ісі"