Өңірлік жол картасына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айының 3 күні Ақмыш сайында өңірдің үздік волонтерлеріне арналған «Біргеміз Маңғыстау» ашық аспан астындағы слет өткізілген болатын. Осыған орай колледжімізден «Ақтау қайырымды жастар» еріктілер тобының мүшесі Ұзақ Тоғжан қатысып, ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы волонтерлікті дамыту мен қолдауға волонтер ретінде баға жетпес үлес қосқаны үшін Алғыс Хатқа («Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры, Республикалық волонтерлер Фронт-офисінің басшысы Т.А.Миронюк) ие болды.