Мақсаты: Студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру; Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік істермен таныстырып, үлкендерді сыйлай білуге, олардың ерлік істерін қадірлеуге тәрбиелеу. Шара барысында өлең жолдары оқылып, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы, халқымыздың мақтан тұтар қыздары Әлия мен Мәншүк жөнінде, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Халық қаһарманыРақымжан Қошқарбаев туралы бейнебаяндар көрсетіліп, соғыс тақырыбында хор шырқалды. Шараның келешек ұрпаққа берері мол, өте мазмұнды өтті. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын үйрету, өзара тәжірибе алмасу; оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту.
ссылка: https://drive.google.com/file/d/1gofX6H41keYhMZw6P2gx6yv_QFlp4e9W/view?usp=sharing
Ж. Аймауытоврөлін– Жарасов Темірлан, Ә.Бөкейханов рөлін - Аухади Алмас, А.Байтұрсынов рөлінде –Мұхамбетқызы Майра ойнады. Қойылым тарихи жағынан өте әсерлі, шынайы көрсетілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, студенттердің жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Осыған орай, колледжімізде студенттік парламентпен жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен 18-наурыз күні қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде қолдан дайындалған тағамдар, сусындар сатылды. Бұл жәрмеңкеден жиналған материалдық көмек 16-жастағы Темирхан Аружанныңем-шараларына берілетін болады. Осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Амал мерекесіне орай колледжімізде ұлттық киімдер күні аталып өткен болатын. Мақсаты: жастарға ұлттық дәстүрімізді насихаттау, ұлттық құндылықтарды ұмытпау, студенттерді отаншылдыққа тәрбиелеу,ата-салтымызды үйрету.
Ұлттық киімдерді насихаттау бойынша ПО 21/1 тобының студенті Абайұлы К., ПО 20/1 тобының студенті Байрам Ә., АЯ 21/1,2 тобының студенттері Бекқызы Ж., Маденова А., Оңдасқызы А., Тіркеш А., Нұрбердқызы Д. алғыс хаттармен мадақталды.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай студенттік парламенттің ұйымдастыруымен колледжімізде «Көктем аруы - 2022» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту болды.
Сайысқа ПО 21/1 тобынан: Урал А., Виктор Е., АЯ 21/2 тобынан Шәудір А., Серикбай А. қатысты. Әділқазылар алқасына: Дүйсембаев Б.М., Садыкова М.С., Ажгалиева Р.Ш. сайланып, төрелік етті. «Көктем аруы - 2022» сайысы 3 кезеңнен: таныстыру, білім жарысы, өнер сайысынан тұрды. Сайыс кезеңдерінде арулардың білімділігі, қойған өнерлері бағаланып қорытындыланды. Iорынды - Виктор Е., II орынды - Шәудір А., III орынды- Урал А., «Өнерлі ару» номинациясы бойынша Серикбай А. иеленіп, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
14-наурыз Амал мерекесіне орай колледжімізде ұлттық киімдер күні өтті. Мақсаты: жастарға ұлттық дәстүрімізді насихаттау, ұлттық құндылықтарды ұмытпау, студенттерді отаншылдыққа тәрбиелеу,ата-салтымызды үйрету.
Ұлттық киімдер бойынша ПО21/1 тобының студенті Абайұлы К., ПО 20/1 тобының студенті Байрам Ә., АЯ 21/1,2 тобының студенттері Бекқызы Ж., Маденова А., Оңдасқызы А., Тіркеш А., Нұрбердқызы Д. жақсы киім үлгілерін көрсетті.
8-наурыз аналар мерекесіне орай студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Алғаш құттықтау сөз колледжіміздің ұстазы Баймұханбет Мәдиевичке берілді. Кеш барысында аналарға, ұстаздарға, аруларға жыр шумақтары, өлеңдер арналып, мерекелік көңіл – күй сыйлады.
«Менің тілімнің шекарасы менің әлемімнің шекарасын көрсетеді»
Л.Витгенштейн
Шетел тілдері колледжінің кітапханасында «Әлемге тілдер, білім және мәдениет арқылы көзқарас» атты кітап көрмесі жасақталды. Оқытушылар мен студенттер кітаптарды сабақтары мен шығармашылық тапсырмалары үшін пайдалана алады. Белгілі адамдардың тіл жөніндегі айтқандары студенттердің тілдерді үйрену жөніндегі ұғымдарын кеңейтеді.
Суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында «Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндіктің аясында 1-курс ата-аналарымен колледж педагог-психологы Кожагулова Ақнұр Амантаевна «Колледждегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын (онлайн, zoomформатта) өткізді. Ата-аналарға оқушылармен сауалнама жүргізуге, жұмыс істеуге алдын-ал келісім беру жөнінде мәселелер айтылды.
Ағымдағы жылдың 18-ақпан күні ПО 21/3,4 топтары Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер залында «Мерейтой кітаптар» атты шетел жазушыларының көрмесіне қатысты. (Кітаптар: 1.Д.Алигеридің «Божественная комедия»-715 жыл, 2. К.Гоциидің «Король -олень» -260 жыл) және жаңа кітапхана ғимаратына саяхат ұйымдастырылып, көп ақпарат алынды.
«Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндік аясында«Жүрек жақсылыққа ашылады» тақырыбында ПО 21/3,4 топтарында Авакян Лиана Арменаковнаның өткізуімен топ сағаты өткізілді.
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке , бауырмалдыққа баулу.
«Өмірге «Иә» деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндік аясында ««Жылы жүрек – жомарт қол»» тақырыбында ПО 21/1тобында Исламгалиева Айнур Амангельдиевнаның жетекшілігімен топ сағатыөткізілді.
Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
15.12.2021 жылы колледжімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай АЯ 21/1, АЯ 21/2, ПО 21/1, ПО 21/4 топтарының қатысуымен «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты тарихи-әдеби мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: - Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
- Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.
14.12.2021 ж. облысы әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Ұлт аралық қатынас мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру» жобасы негізінде Ш.Есенов Университетінің «Қазақстан халық ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Әбидин Әбубәкір Надирхожаұлы колледжіміздің 1-курс студенттеріне «Қазақстан халық ассамблеясы-ұлт аралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрісте Қазақстан халық ассамблеясының даму сатылары, жалпы бірліктің Қазақстандық үлгісі, қызметінің негізгі бағыттары, Қазақстандағы этно мәдениет орталықтары, Ш.Есенов Университетінің «Қазақстан халық ассамблеясы» кафедрасының құрылуы туралы жалпы мәлімет берілді.
Дәріс барысында студенттер сұрақтарын қойып, жауаптар алынды.
02.12. 2021ж. Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаныңда студенттер арасындағы Әлеуметтік идеялар байқауына Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінің 2 және 1 курс студенттері оқытушы Таскинбайқызы Жанаргулдін жетекшілігімен қатысып (D.E.P) Жоба атауымен 2- ші орынға ие болды.
Қатысушылар:
Аманбекқызы Жанерке
Аманкос Асем
Багитжанов Мейіржан
Джанбирбаева Әсел
Кемелханова Гуласыл
Садыкова Тоғжан
Сатбек Елжан
Селібай Ләззат
Айтқалиева Ақнұр
Жайлаубаев Мирас
Құттықтаймыз!!!
Патриоттық ән байқаудан:
АЯ-21/2 тобы
ПО-21/2 тобы
АЯ-21/1 тобы
Автоматты шашып - жинаудан:
Таңатар Назерке
Тәуірхан Роллан
Тайгаренов Сұлтан
17 ноября международный день студента.
Бағдарламада: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап; Шетел тілдер әдебиеті залында экскурсия.
11.12.2020 ж. колледждер оқушыларының арасында өткізілген облыстық онлайн олимпиадада иеленген жүлделі орындарымен оқу орнымыздың келесі студенттерін шын жүректен құттықтаймыз:
1. Сайлаубаева Нұрсәуле- АЯ-20/1, «Тарих», 2-орын,
2. Ясень Софья – ПО – 20/2, «Физика», 2-орын
Жарайсындар! Болашақта да оқуларыңда үлкен жетістіктерге жете беріндер!
Үстіміздегі жылдың қараша айында «Дарын» интеллектуалдық білім орталығының Республикамыздың жастары арасында өткізген шығармашылық байқауында «Шығарма/эссе» бағыты бойынша «Білімді мыңды жығар» номинациясының
1-дәрежелі дипломын иеленген колледжіміздің АЯ-20/1 тобының студенті Сайлаубаева Нұрсәулені жеңісімен құттықтаймыз! Нурсәуле! Шығармашылық үздік табыстарға жете бер.
2020-2021 оқу жылында Ақтау шетел тілдері колледжінің еңбек сіңірген мұғалімдері мұғалімдер күніне орай алғыс және құрмет грамотасымен марапатталуы
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов Сариева Гүлфайруз Бақтыбаевнаға облыстың білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс жариялады.
Маңғыстау обылысының Білім Басқармасының басшысы А. Сейдалиев Қонысов Нұржігіт Абдуллаевичті берекелі елдік пен бірліктің нығаюына және өскелең үрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапаттады.
Қазахстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің министрі А. Аймағамбетов Суханбердиева Радмира Шияповнаны Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапаттады.
Менің есімде, мен мақтан етемін!
Ақтау қаласындағы Шетел тілдері колледжі оқытушыларының оқшаулау жағдайындағы жұмыстары.
Карантин кезінде стрессті жеңу фактілері немесе жолдары.
Ақтау қалалық тілдері колледж психологі Кожагулова Акнур Амантаевнаның ұйымдастыруымен 2020 жылдың 12 наурыз күні колледжімізде «Ерте жүктіліктің алдынөалу», «Коронавирус туралы сөйлесейік» тақырыптарында дәрістер өткізілді. Аталмыш дәрістерде «Маңғыстау облыстык салауатты өмір салтын қалыптастыру» медициналық мекемесінің психологі Мустафина Маржан Султановна өз баяндамасын оқып, колледж студенттері өз ойларымен бөлісіп, белсене қатысты.
6 наурызда коллеждіміздің студенттері ұйымдастырған 8 наурыз-халықаралық әйелдер күніне арнап колледжіміздің ардақты мүғалімдері мен ару қыздарын құттықтап, салтанатты шара өткізілді.
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы Мемлекеттік бағдарлама бойынша жастарға қатысты ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және волонтерлар корпусына жаңа мүшелерді тарту бойынша Шетел тілдері коллджінің студенттерімен кездесу өткізді
25 желтоқсанда Ақтау шетел тілдері колледжннде АЯ-17/1 тобының студенттері Қызыл телпек қойылымын көрсетті
- Салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс нәтижелері Ақтау қаласындағы Шет тілдер колледжінде 29/29/2019
1 орын По-17/1
Нәтиже
2 орын - әкем-18/1
3Прос-17 / 2. 18-22 бойынша
Үздік ойыншы - Жұмажан Диас
Үздік шабуылшы Наурызбай Нұртас
Жақсы қорғаушы Феруза Жақсылықова
Ең жақсы тосқауыл - Есибаев Азан
Маратова Айгүл По-17/1 тобы волейбол жарысында жеңіске жету үшін атаева Дана По-18/1 тобы Байкунова Дильназ По-18/2
"Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ"
Ақтау қаласындағы Шетел тілдері колледжі. 22.11.2019ж. "Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ" айдарымен оқушылар арасында өткізілген шағын футбол жарысының қорытындысы: 1 орын ПО-17/1; 2 орын ПО-18/1; 3 орын ПО-18/2.
Үздік қақпашы-Қарсыбаев Аманбек, үздік қорғаушы-Елубаев Ислам, үздік шабуылшы-Зейнеләбді Жеңіс командалық және номинация бойынша марапатталды.
«Студенттер күні»
Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінде 15 қарашада «Студенттер күні» іс шарасы өткізілді. Барлық студенттер шараға ат салыса қатысты. Студенттерге сынақ кітапшасы мен студенттік билет табысталды.
Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінде 23 қазанда колледждің психологы Қожағұлова Акнұр Амантаевнаның ұйымдастыру барысында «Өз құқығыңды қорға, өзгенің құқығын таптама» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш дәріс бойынша «Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру» медициналық мекемесінің психологы Мустафина М. С., «Облыстық психоневрологиялық диспансер» дәрігер психиатр, нарколог Есеуова С. А., «Ақтау қалалық полиция басқармасы» ювиналды полиция бөлімінің инспекторы Байжанов М. және полиция капитаны Рахатова С. баяндамаларын оқып, колледж студенттері өз ойларымен бөлісіп, белсене қатысты.
Ақтау шетел тілдері колледжінде мұғалімдер күні мерекесіне орай 3 курс студенттері өзін-өзі басқару күнін өткізді.
Ақтау шетел тілдері колледжінің құрметті мұғалімдеріне арналған мерекелік шара өткізілді. Бұл шараға барлық студенттер белсенді қатысты.
«Алтын күз» кросс
Ақтау қаласының Шетел тілдері колледжінің студенттері қалалық «Алтын күз» кросс жарысына ат салыса қатысып, III – жүлделі орын иегерлері атанды.
Команда құрамы келесі студенттерден құралды:
- Жүмажан Диас
- Қожым Алмас
- Мұқышев Нұрсат
- Көшкінбай Іңкәр
- Рыскалиева Алина
- Хұдайберген Әлия
Колледж директоры Надырмагамбетова Масура Алтыбаевна жүлдегерлерді ресми түрде құттықтап, колледж атынан сыйлық табыстады.
«Қазақстан халқының тілдері күні»
16 қыркүйек күні Ақтау шетел тілдері колледжінде «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай ағылшын тілі апталығы салтанатты түрде ашылды. Шара үш тілде өткізілді. Ағылшын тілі апталығының тәртібі бойынша колледжіміздің 1 курс студенттері өздерін таныстырды.
«Do you know The UK of Great Britain and Northern Ireland»
Ағылшын тілі апталығының екінші күні 3 курс студенттері арасында Елтану пәні бойынша «Do you know The UK of Great Britain and Northern Ireland» тақырыбында викторина өтті. Викторинаға ПО 17/1 және ПО 17/2 топтарының студенттері ат салыса қатысты.