Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжі

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ КОЛЛЕДЖІ

Ақтау қаласындағы Шетел тілдері колледжінің негізі 1996 қаланды. Оның қызметі Қазақстан Республикасы білім және оқу ағарту министрлігінің 10.06.2008 ж. берген № 0032327 мемлекеттік лицензиясының негізінде жүзеге асырылады. Колледж бес жыл сайын ҚР Білім және Оқу ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жүргізетін мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.

Колледж директоры және оның негізін қалаушы-педагогика ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты педагог Мәсура Алтыбайқызы Надырмағамбетова.

Білім беру қызметтерін, сондай-ақ түлектердің мамандық тандаудағы мүмкіндіктерін кеңейте отырып колледж үнемі даму және ілгерілеу үстінде.

Колледжде оқытудың күндізгі және кешкі бөлімдері ұйымдастырылған. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Колледж мына мамандықтар бойынша даярлайды:

01140600 - «Шетел тілінің мүғалімі»

02310100 -  «Аудармашы»

01140100 - «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»

01140100 - «Бастауыш білім берудегі шетел тілі мұғалімі»

03220200 - «Іс қағаздарын жүргізуші»

Колледж «Ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша қазақ бөлімінде мемлекеттік тапсырыспен мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Қызмет атқарған жылдары колледж біліктілігі жоғары мамандар шығарды, олар осы замандық енбек нарығында жемісті енбек етіп жүр. Біздің түлектеріміз жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыруда (Ресей, Англия, АҚШ, Малайзия, Қытай, Түркия).

Түлектеріміздің көпшілігі Манғыстау және Атырау облыстарының мұнай, көлік, энергетика және басқа да салаларында, сол сияқты қала мен облыстың орта мектептері мен колледждерінде табысты жұмыс істеп жүр. Олардың колледжімізде алған білімдерін ұтымды көрсетуіне және қолдануына байланысты біздің колледж ағылшын тілі бойынша озық мамандар даярлайтын оқу орны  ретінде бағаланып жүр.

Оқу-тәрбие процесі типтік ғимаратта жүргізіледі. Оқу кабинеттері осы замандық оқытуға қажетті құралдармен жарақтандырылған. Интернет желісіне қосылған, интерактивтік құралдармен қамтамасыз етілген компьютерлік сынып жұмыс істейді, әр түрлі қызмет атқаратын ұйымдастыру техникасы, буфет, медициналық кабинет, оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары бар. Колледжде волейбол және футболдан секциялар жұмыс істейді. Студенттеріміз колледж өміріне белсене араласады. Студенттік «Бастау» театрының негізінде жыл сайын театрлық қойылымдар өткізу дәстүрге айналды.

Осы жұмыстардың барлығы Шетел тілдері колледжінің студенттерінің бойында әлеуметтік компетенциялар, олардың жұмысқа орналасуы мен болашақ мансаптарына даярлығын қалыптастыруға қызмет етеді.

АКИЯ

Ақтау қаласы, 3 ш/аудан, 90 ғимарат
Тасболатова Ақырыс

оқушының ата-анасы

Менің қызым Ізберген Жадыра 2019жылы осы колледжді бітірді. Балаларымызға жақсы білім, өнегелі тәрбие бергендеріңізге үлкен рахмет айтқым келеді. Қызым колледжде көп нәрсеге, әсіресе жауаптылық пен талаптылыққа үйренді.

Вали Аружан

оқушының ата-анасы

Менің қызым Вали Аружан осы 2019ж. «Аударма ісі» мамандығын бітірді. Міне, дипломын алып тұр. Шындығын айтатқанда оқу орнын, ұстаздарды, әсіресе, ағылшын тілінің оқытушыларын, қимай бара жатырмыз. Сіздердің балаларымыздың өмір жолына еркіндеу түсіп кетуіне жасаған жанашырлық кәсіби еңбектеріңіз үшін көп алғыс айтамын.

Уразбаева Тумарис

оқушының ата-анасы

У меня в колледже иностранных языков в г. Актау учились две дочери и они здесь получили очень качественное, хорошее образование. Я благодарю всех учителей за это.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.