Диплом табыстау салтанаты

29-маусымда колледжімізде «Негізгі білім беру» және «Аударма ісі» мамандықтары бойынша бітірген 48 түлегімізге диплом беру салтанаты өтті. Құттықтау сөз колледждің атқарушы директоры Б.М.Дүйсембаевқа, топ кураторлары М.С.Садыковаға, Г.Б. Сариеваға, Р.Ш. Ажгалиеваға берілді. Түлектерге диплом беріліп, бітіруші түлек лентасы тапсырылды. Түлектер атынан К.Берішбай, Д.Токсанова, Б.Маковский сөйлеп, өз лебіздерін оқытушыларына, топ кураторларына білдірді. Шара соңы түлектер дайындаған музыкалық нөмерлермен аяқталды.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.