Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжі

Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжі 1996ж. құрылған. «Аударма ісі» және «Негізгі орта білім беру» мамандықтары бойынша ағылшын-қазақ (орыс) тілдеріндегі аудармашылар мен ағылшын тілінің оқытушыларын даярлайды.

Бітірген түлектердің басым көпшілігі қазір Маңғыстау және Атырау облыстарының мектептерінде, мұнай, көлік ,энергетика, т.б салаларда табысты еңбек етуде.

Оқу-тәрбие процесі 3-қабатты типтік оқу ғимаратында өтеді. Оқу кабинеттері осы замандық оқытуға қажетті құралдармен жабдықталған, спорттық ойындар мен көпшілік шараларды өткізуге ұтымды мүмкіндік беретін спорт залы мен акт залы бар, сол сияқты буфет қызмет істейді.

 

Құжаттар

Марапаттары

Пікірлер

Менің қызым Вали Аружан осы 2019ж. «Аударма ісі» мамандығын бітірді. Міне, дипломын алып тұр. Шындығын айтатқанда оқу орнын, ұстаздарды, әсіресе, ағылшын тілінің оқытушыларын, қимай бара жатырмыз. Сіздердің балаларымыздың өмір жолына еркіндеу түсіп кетуіне жасаған жанашырлық кәсіби еңбектеріңіз үшін көп алғыс айтамын.

Вали Аружан анасы

Менің қызым Ізберген Жадыра 2019жылы осы колледжді бітірді. Балаларымызға жақсы білім, өнегелі тәрбие бергендеріңізге үлкен рахмет айтқым келеді. Қызым колледжде көп нәрсеге, әсіресе жауаптылық пен талаптылыққа үйренді.

Тасболатова Ақырыс Күрішқызы

У меня в колледже иностранных языков в г.Актау учились две дочери и они здесь получили очень качественное, хорошее образование. Я благодарю всех учителей за это.

Большое спасибо Гульфайруз Бактыбаевне, руководителю колледжного театра «Бастау» где моя дочь раскрыла в себе огромный творческий потенциал. В колледже иностранных языков студент получает не только хорошее знание английского языка, но и хорошее воспитание.

Уразбаева Тумарис анасы

Мекен-жайымыз


Индекс 130001, Ақтау,қаласы 

3 мкрн., 90 ғимарат

Телефон: 8 (7292) 508684

E-mail:acfl@mail.ru

© 2019 masura.kz/Барлық құқықтар сақталған

Политика конфиденциальности