Турнирде 8 фракция өз күштерін сынады. Барлық ойын Американдық Парламенттік Форматта (АПФ) ойналды. Турнирге өзіміздің колледжден бөлек «Мейірбике» колледжі мен Маңғыстау Туризм колледжінен 4 фракция келді және бұның бәрін төрелік еткен бәрімізге таныс Кемел ИПК студенттері мен «Мейірбике» колледжінің дебат фракциясының жетекшісі Алия ханым.
Турнир 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең топтық кезең. Топтық кезеңде жоғары яғни 1,2 орынға ие болғандар, плей оффта яғни екінші кезеңде өздерінің бақтарын сынады.
Турнир соңында барлық қатысушы фракциялар мен әділ төрелік еткен төрешілерге алғыс хаттар табысталды.
Жүлдегер фракциялар:
I орын- «Бархатнын тяги» фракциясы (Маңғыстау Туризм колледжі)
ІІ орын- «Айғақкер» фракциясы («Мейірбике» колледжі)
ІІІ орын- Болашақ фракциясы («Мейірбике» колледжі)