21.04.2023 жылы «SOFIE MEDGROUP» клиникасынан психолог Акимова Балсұлу Бакдэулеткызы, әлеуметтік қызметкер Сапаргалиева Жулдыз Жонасовна келіп, 2 курс студенттеріне «ЖӘК Редан неге қауіпті» тақырыбында профилактикалық семинар жүргізді.
Мақсаты: «ЖӘК Редан» қозғалысының ары қарай таралуына және жасөсіпірімдер арасында жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу.
Анықтама ретінде: «Редан ЖӘК» жастар субмәдениетін білдіреді. Кейбір мәліметтер бойынша ЖӘК мағынасы «Жеке әскери компания» дегенді білдіреді. «ЖӘК» қолданушыларының айрықша белгілері шақпақ шалбар, қара түсті худи мен өрмекші және 4 саны суреттелген футболкалар болып табылады. Жаңа жастар қозғалысы желіде белсенді түрде таралуда. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын әрекеттерді ұйымдастыру және дайындау жауапкершілікке әкеп соғады.