АКИЯ

Спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия кубогы іс-шарасы

«Маңғыстау облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ұйымдастыруымен өткен аталмыш жарыс Қазақстанда, оның ішінде Ақтау қаласы төрінде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, Қазақстан Самбо спорты тарихында айтулы орын алатын іс-шара болып қалмақ.
Негізінен алғанда, студенттер еріктілер ретінде жұмыс атқарды. Әрине, мұнда ағылшын тілінің де маңызы бар. Бірнеше студенттерді компьютерге «жарыс кестесін» орнықтырып отыруға жұмылдырды. Қалған студенттер де жарыс алаңында өзге де қызметтерді атқарды. Ұйымдастырушыларға үлкен көмектерін тигізді.
Сондай-ақ, жарыстың маңыздылығын ұғына отырып, студенттерге іс-шараға белсене қатысуға бағыт бергені үшін Колледж Әкімшілігіне, топ жетекшісіне ерекше алғысын білдірді.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.