АКИЯ

«Жұмыс беруші күні»

15-қараша «Жұмыс беруші күні» аясында Ақтау шетел тілдері колледжінде «Дуальды  оқыту жүйесіндегі әлеуметтік серіктестік – білікті мамандарды даярлау кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты: еңбек нарығында қажетті дағдыларға ие бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, жұмыс берушілермен тиімді әріптестікті дамыту.

Дөңгелек үстелге колледжде дайындалатын педагогикалық мамандықтары бойынша негізгі оқу және педагогикалық тәжірибе өтетін базалық мекемелер тәлімгерлері №6 жалпы білім беретін мектептен А.Қ.Букенбаева, №5 жалпы білім беретін мектептен И.Ж.Караева, колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Досаева, колледждің тәжірибе жөніндегі жетекшісі А.А.Исламгалиева және колледж оқытушылары қатысты.

Тәлімгерлер мектептерінде іс-тәжірибеден өтіп жатқан  студенттермен қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, дуалды оқыту жүйесінің дәстүрлі оқыту жүйесінен артықшылығы, педагогикалық мамандықтарға студенттер қызығушылығын қалай арттыруға болады деген тақырыптар бойынша  қатысушылар пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Жұмыс берушілермен колледж  арасында дуалдық жүйе бойынша практиканы ұйымдастырып өткізу туралы келісімшарттарға қол қойылды. Іс – шара соңында студенттердің практикасын сапалы өткізуге және түлектерді жұмыспен қамтуға өз үлестерін қосып отырған мектеп директорлары ҚР Оқу-ағарту министрінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 

 

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.