АКИЯ

«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»


Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет. Осыған орай 22-ақпанда ПО 21/1 тобының 2-курс студенттері арасында кураторы А.А.Исламгалиеваның басшылығымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау, буллинг түрлері мен оның алдын алу мәселелері шеңберінде мәселелер қарастырылды. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Тәрбие сағатында жасөспірімдерге қоғамда, колледжде т.с.с. басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.