“Діни экстремизм және тероризмге бағытталған алдын алу шаралары”

 

Ақтау шетел тілдер колледжінде “Діни экстремизм және тероризмге бағытталған алдын алу шаралары” тақырыбында Маңғыстау облыстық діни істер басқармасының ақпараттық түсіндіру орталығының дінтануды ұйымдастырушы маманы Сарсенбиев Серікхан Абуханұлымен кездесу өтті. Кездесу өте тартымды және өмірмен байланыстыра отырып дұрыс мәліметтермен толықтырылып отырды. Студенттер де өз ойларын ортаға салды.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.