Біздің Оқытушылары

Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінің оқытушылары

Мәсура Алтыбайқызы Надырмағамбетова

Жоғары санатты ағылшын тілі оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілі оқытушыларының Америка-Қазақстандық байқауының жеңімпазы ретінде әр жылдарда АҚШ (Оңтүстік Каролина және Индиана) университеттерінде ұзақ мерзімдік кәсіби даярлықтан өткен.

Баймұханбет Мәдиұлы Дүйсембаев

Физика пәнінің оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, 60тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.

Радмира Шияпқызы Ажгалиева

Жоғары санатты тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы, педагогика магистры. Ш.Есенов ат. Мемлекеттік университеттің түлегі.

Марал Сатыбалдықызы Садыкова

Алтілінің жоғары санатты оқытушысы, JFDP бағдарламасы шеңберінде Колорадо (АҚШ) университетінде ұзақ мерзімдік кәсіби даярлықтан өткен.

Чамани Хабиболла

Ағылшын тілінің оқытушысы, Иран шетел тілдері университетінің және Америка аударма университетінің түлегі.

Гүлфайруз Бақтыбайқызы Сариева

Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің түлегі.

Гүлшарат Кошкарбаевна Досаева

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын «Химия-биология» мамандығы бойынша бітірген.

Әзиза Сәденқызы Қоспанова

«Тарих және қоғамдық пәндер» оқытушысы. Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.

Мадияр Мақсатұлы Қуат

«Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық» пәндерінің оқытушысы. ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусын «Әскери басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Айнұр Амангельдиевна Исламгалиева

«Химия-биология» пәндерінің оқытушысы. Атырау мұнай және газ институтын «Отын мен көмірсутек материалдарының химиялық технологиясы» мамандығы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Химия және Биология» мамандығы бойынша бітірген.

Альбина Амангалыевна Адиганова

«Ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітірген.

Акнур Амантаевна Қожагулова

Колледж психологы, психология ғылымдарының магистрі, психологиялық тақырыпта жарияланған  6 мақаланың авторы, облыстық және республикалық ғылыми жобалардың жеңімпаздары-8 оқушының жетекшісі. Қазмем ҚызПУ түлегі.

Аяжан Азат

Ағылшын тілі пәні оқытушысы. Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжін 2021 жылы «Негізгі орта білім беру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.