Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет. Осыған орай 15-қыркүйекте колледжімізде 1-курс студенттері арасында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу сағаты өтті. Бұл кездесуге Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің полиция лейтенанттары Б.Д.Кулымбетов, Н.М.Абдухаликов, сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Исламгалиева, психолог А.А.Кожагулова қатысты. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде жасөспірімдерге қоғамда, колледжде т.с.с. басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең ,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.