«Мамандықтар әлемі»

 

21.05 2024ж күні Ақтау қаласы шетел тілдер колледжінде «Мамандықтар әлемі» тақырыбында ашық есік күні өтті. Оған Ақтау қаласының мектептерінен колледжде оқуға ниет білдіретін 9,11 сынып оқушылары шақырылды.
Мақсаты: Түлектерді оқу орнымен,материалдық техникалық базасымен,мұғалімдермен және студенттермен таныстыру,мамандықтарға шолу жасай отырып, мамандық таңдауға ықпал ету.
Бұл кездесуге колледж бойынша бейнероликтер түсірілді,буклеттер екі тілде дайындалды және оқу орнымен таныстырып ,оқылатын мамандықтар бойынша мәліметтерді колледжіміздің 1 курс студенттері Әбду Айя, Умирзакова Назерке, Құдайберген Әзиза және Даулетбай Сымбат берді. Кездесуге №2,3,6,8,14,16,17,23,30 орта мектептерінен және IT мектеп –лицейінен 116 оқушы жетекшілерімен келіп қатысты. Кездесу барысында жалпы колледж жайында бейнеролик корсетіле отырып жалпы мәлімет берілді. Соңында балаларға колледж жайында буклет таратылып ,колледж есігі ашық екендігі айтылды.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.