13 ақпанда Ақтау шетел тілдер колледжінде «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы физикалық және зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Бұл шара қоңырау кезінде өткізілді. Оған 1-3 курс студенттері қатысты. Нәтижесінде Армиева Ұ,Шектібай А,Калаканов Е,Аухади А және Реметулла Д ерекшеленіп жеңіске жетті. Бұл жарыс студенттерге денсаулықты қадірлеуге,салауатты өмір салтын ұстануға,ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулуды ,ұлттық ойындарды дәріптеуге мүмкіндік берді. Студенттер өз ойларың ортаға салып ұнағандығын айтты.Осылай ,ұлттық құндылықтарды дәріптеудің қажеттілігін түсінді.