10 сәуір 2024жылы Ақтау Шетел Тілдер Колледжінде АЯ 23/1,2 топ және АЯ 22\1,АЯ 20\1 топ студенттерімен “Заман дерті” тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі,полиция капитаны Д. Қолғанатов және Маңғыстау облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы маманы Қасенова Элмира қатысты. Мақсаты: Қазіргі жастарды психотропты заттарды пайдаланбаудың алдын алу үшін кеңес беру.
Кездесуде бейнероликтер арқылы жастардың синтетикалық есірткіге тәуелділігі және ҚР заң бабатарымен таныстыра отырып, соңы немен бітетіне айтылды және Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы кеңес берілді.. Кездесу сұрақ -жауаптармен қорытындыланды. Студенттер келген қонақтарға рахметін айтып өз ойларын ортаға салды. Кездесу тартымды өтті.