Ақтау шетел тілдері колледжінде Республика күні мерекесіне орай өткен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссенің қорытындысы.
Ақтау шетел тілдері колледжінде Республика күні мерекесіне орай 23 қазан күні АЯ-21 1,2 тобы студенттері «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазды. Студенттер ішінен Нұрбердіқызы Дилназ, Жылқышы Бекслан, Таңатарова Назерке өздерінің жаңашыл ой-пікірлерімен көзге түсті. Студенттердің көпшілігі өз ойтолғауларында Қазақстанның жетістіктері мен тарихы туралы, елдегі оң өзгерістер, туризмді дамыту, экология мәселелері, жемқорлықпен күрес және қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау шаралары туралы өз ойларымен бөлісті. Жастар болашақтағы Қазақстанды парасатты, білімді, көркем мінезді жастар еңбек ететін және әділ заң үстемдік құрған, жемқорлықты жойған дамыған ел ретінде армандайтыны туралы жазды.