«Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын-алу»

 

Ақтау қалалық шетел тілдері колледжінде 14.09.2022 жылы «Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын-алу», «Психикалық денсаулық және мен» тақырыптарында ЖШС КӨПБАҒЫТТЫ КЛИНИКА «SOFIE MEDGROUP» дәрігер, мамандарының қатысуымен атап айтқанда; М.У. Туленова акушер-гинеколог, Б.Б. Акимова клиникалық психолог, Ж.Ж. Сапаргалиева әлеуметік қызметкер, сондай-ақ директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Исламгалиева, колледж психологы А.А.Кожагулова қатысты. 1 курс студенттер арасында іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: Жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету; студенттерге педагог-психолог көмегіне жүгіну мүмкіндігі, психикалық денсаулықты сақтау маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

           

 

 

 

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.