20 желтоқсан күні Ақтау шетел тілдер колледжінде облысымыздық ақталған желтоқсаншылары Курбаншаева Гульмира Арыкбаевна және Суханбердиева Клара Ердаулетовнамен кездесу өтті. Мақсаты: Студенттерге еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-апаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету, халқының тарихын білу, Отанын,елін,жерін сүюге,қастерлеуге ,шыншыл болуға тәрбиелеу.
Кездесу барысында жастарға қазақ халқы тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіргенін, сол кездегі алаңға шыққан жастардың ерік жігері, өз еліне деген шексіз сезімі айтылып, болашақты жалғастырушы жастарға елін құрметтеудің маңызын,өз ұлтының тілін, наным сенімін жоғары ұстау парызын түсіндірді.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.