5 қаңтар күні Ақтау шетел тілдер колледжінде “ Уақытты тиімді пайдалануға кәсіби бағдар беру” тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті Жастар орталығынан келген Нұрқожаев Ислам Айдарханұлы және колледж студенті Бүркітбай Абылай ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Жастардың уақыттарын бос өткізбей ұнайтын кәсіптерімен айналысу үшін не істеу керектігін анықтап көз жеткізуді үйрету. Тренинг студенттерге өз ортасында өзін таныстыру арқылы ,қабілетіне сай мақсатына қалай жету керектігін көрсетті. Қатысқан АЯ 23/1 және АЯ 23/2 топтарының студенттері керемет әсер алып , алдарына нақты мақсаттар қойып өз ризалықтарын айтты. Мамандық таңдауда адаспау керектігіне тоқталды. Тренинг өте жоғары деңгейде әсерлі өтті.

Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.