1ақпан 2024жылы Ақтау Шетел Тілдер Колледжінде АЯ 23/1,2 топ студенттерімен “Заман дерті” тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі,полиция капитаны Д. Қолғанатов, подполковник А.Қосанова және инспекторы Б. Бердибаев қатысты. Мақсаты: Қазіргі жастарды психотропты заттарды пайдаланбаудың алдын алу үшін кеңес беру. Кездесуде бейнероликтер арқылы жастардың синтетикалық есірткіге тәуелділігі және ҚР заң бабтарымен таныстыра отырып, соңы немен бітетіні айтылды. Кездесу сұрақ -жауаптармен қорытындыланды. Студенттер келген қонақтарға рахметін айтып өз ойларын ортаға салды. Кездесу тартымды өтті.