1ақпан 2024жылы  Ақтау Шетел Тілдер Колледжінде  АЯ 23/1,2 топ студенттерімен  “Заман дерті” тақырыбында  профилактикалық кездесу өтті.  Кездесуге Маңғыстау облыстық полиция департаментінің  есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының  жедел уәкілі,полиция капитаны   Д. Қолғанатов, подполковник  А.Қосанова  және инспекторы  Б. Бердибаев  қатысты.    Мақсаты: Қазіргі жастарды психотропты заттарды  пайдаланбаудың  алдын алу үшін кеңес беру. Кездесуде бейнероликтер  арқылы жастардың  синтетикалық есірткіге тәуелділігі және  ҚР заң бабтарымен таныстыра отырып, соңы немен бітетіні айтылды. Кездесу сұрақ -жауаптармен қорытындыланды.  Студенттер келген қонақтарға рахметін айтып өз ойларын ортаға салды. Кездесу тартымды өтті.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.