7 ақпан күні Ақтау шетел тілдер колледжінде «Тәжік-Ауған асуында от кешкендер» « Жас сарбаз» жобасы аясында Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ақтау қаласының Тәжік-Ауған «Сардар» ардагерлер қоғамының төрағасы Бекенбаев Қылыш Сабитұлы, Түпқараған аудандық Тәжік-Ауған «Сардар» ардагерлер қоғамының төрағасы Бердиев Абай Маратұлы, Тәжік-Аудан соғысы ардагері, әсери шекара қызметкері Тұрғалиев Махаббат Ғазизұлы, Шекара қызметінің ұлттық қауісіздік комитеті департаментінің бастығының орынбасары Данғұлбеков Қожахмет Нұрғалиұлы қатысты.
Мақсаты: Ардагерлермен кездесу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру . Отанға деген махаббатын , сүйіспеншілігін арттыру.
Ардагерлер өз бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісіп жеткен жетістіктеріне тоқталды. Жастарды Отаншыл,намысшыл,халқына адал қызмет етуді,мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санауды,құрметтеуді айтты. Кездесу студенттермен сұрақ-жауап арқылы қорытындыланды. Кездесу өте қызық өтті. Келген қонақтарға алғысымыз шексіз.