7 ақпан күні Ақтау шетел тілдер колледжінде  «Тәжік-Ауған асуында от кешкендер»  « Жас сарбаз» жобасы аясында Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.  Кездесуге  Ақтау қаласының Тәжік-Ауған  «Сардар»  ардагерлер қоғамының төрағасы Бекенбаев Қылыш Сабитұлы, Түпқараған  аудандық  Тәжік-Ауған  «Сардар» ардагерлер қоғамының  төрағасы Бердиев Абай  Маратұлы, Тәжік-Аудан соғысы ардагері, әсери шекара қызметкері  Тұрғалиев Махаббат  Ғазизұлы, Шекара қызметінің  ұлттық  қауісіздік комитеті департаментінің  бастығының  орынбасары Данғұлбеков Қожахмет Нұрғалиұлы қатысты.
Мақсаты:   Ардагерлермен кездесу арқылы жастарға  патриоттық тәрбие беру . Отанға деген махаббатын , сүйіспеншілігін арттыру.
Ардагерлер өз бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісіп жеткен жетістіктеріне тоқталды. Жастарды Отаншыл,намысшыл,халқына адал қызмет етуді,мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санауды,құрметтеуді айтты. Кездесу студенттермен сұрақ-жауап арқылы қорытындыланды. Кездесу өте қызық өтті. Келген қонақтарға алғысымыз шексіз.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.