12-13 ақпан күндері Ақтау шетел тілдер колледжінде «Өмірге «ИӘ» деп айт!» психологиялық онкүндік аясында колледж психологы Койшыбаева Айгүл АЯ-23/1,АЯ-23/2,ПО-23/1 топ студенттерімен «Өмір сен маған қымбатсың!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты: Білім алушылардың бойында өмірге деген позитивті ойларды қалыптастыру. Сонымен қатар, жеке пікірлерін ортаға салу арқылы бір-бірімен тәжірбие алмасу.
Шара барысында бейнероликтер және «Жүрек жақсылыққа ашылады» тақырыбында тренингтер жүргізіліп дәм терапиясы,арт терапиясы және құм терапиясы өткізілді.
Іс-шара соныңда студенттер бейнероликтен алған әсерлері туралы бөлісіп,тақырыпты талдады. «Жүрек жақсылыққа ашылады» челенджі бойынша бір-біріне жақсы тілек айтып,сәттілік тіледі.

 

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.