2024жылы 16 ақпан күні Ақтау шетел тілдер колледжі мамандары кәсіптік бағдар жұмысының жоспары бойынша Ақтау қаласының С.Мұқашов атындағы №16 орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен мамандық түрлерімен таныстыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге тәрбие жөніндегі орынбасары Досаева Г.Қ, колледждің тәжірибе жетекшісі және ағылшын тілі мұғалімі Т.К Испусинов және АЯ 23/1 тобы студенті Даулетбай С барды. Кездесуде Даулетбай С колледжге қандай мақсатпен келгендігі мен жеткен жетістіктері жайлы айтты. Сонымен қатар, жалпы колледж жайында бейнеролик корсете отырып жалпы мәліметті Досаева Г.К және Испусинов Т.К берді. Соңында балаларға колледж жайында буклет таратып ,колледж есігі ашық екендігін айтты. Ұйымдастырған мектеп ұжымына рақметімізді айтамыз.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.