«Мамандықтар жәрменкесі -2024»

 

2024жылы 16 ақпан күні Ақтау қаласының №6 орта мектебінде «Мамандықтар жәрменкесі -2024» тақырыбы бойынша 9 сынып оқушыларымен мамандық түрлерімен таныстыру мақсатында өткізілген кездесуге колледждің тәжірибе жетекшісі және ағылшын тілі мұғалімі Т.К Испусиновпен және ПО 23/2 тобы студенттері Абуева Ая, Хамаян Ангелина , АЯ 20/3 тобынан Бабашова Гюнель, Кругликова Варварамен бардық. Кездесуде студенттер колледжге қандай мақсатпен келгендігі мен жеткен жетістіктері жайлы айтты. Сонымен қатар, жалпы колледж жайында бейнеролик корсете отырып жалпы мәліметті Испусинов Т.К берді. Соңында балаларға колледж жайында буклет таратып ,колледж есігі ашық екендігі айттылды. Ұйымдастырған мектеп ұжымына рақметімізді айтамыз.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.