2024жылы 20 ақпан күні Ақтау шетел тілдер колледжі мамандары кәсіптік бағдар жұмысының жоспары бойынша Ақтау қаласының «IT мектеп-лицейінің » 9 сынып оқушыларымен мамандық түрлерімен таныстыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге тәрбие жөніндегі орынбасары Досаева Г.Қ, тәжірибе жетекшісі және ағылшын тілі мұғалімі Т.К Испусинов және АЯ 23/1 тобы студенттері Даулетбай С, Құдайберген Ә барды. Кездесуде Даулетбай С,Құдайберген Ә колледжге қандай мақсатпен келгендігі мен жеткен жетістіктері жайлы айтты. Сонымен қатар, жалпы колледж жайында жалпы мәліметті Досаева Г.К және Испусинов Т.К берді. Соңында балаларға колледж жайында буклет таратып ,колледж есігі ашық екендігін айтты. Ұйымдастырған мектеп ұжымына рақметімізді айтамыз.

Шетел тілдері колледжі

ерекше білім беру мекемесі болып табылады. Онда студенттер бірнеше өте қажетті мамандықтар бойынша даярланады.