2024жылы 21 ақпан күні Ақтау шетел тілдер колледжінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Есбосынов Әділ Гагаринович жер сілкіну кезінде нені білу керек екендігі жөнінде, бейне ролик көрсете отырып түсіндірме жұмыстарын өткізді. Сейсмикалық жаттығу өткізу арқылы оқу орнында немесе үйде болған кезде салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды анықтау,өзіңіз үшін шығудың ең қысқа жолын табу керектігіне тоқталды.